Елбасы неліктен шыңдарды бағындыруға ұмтылатынын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев неліктен әрдайым биікке ұмтылатынын айтты. Бұл туралы ол Ақорданың Instagram-дағы ресми парақшасында орналастырылған видеода мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауылды қақ ортасынан өзен бөліп жататын, онда біз тұратынбыз. Бірақ өзгеше бір ерекшелік - бұл Алатау бөктері еді. Мен таулардың арасында дүниеге келдім. Күнде таңертең тұрғанда шыңдарды көретінмін. Қазақта «Тау баласы тауға қарап өседі» деген сөз бар. Мүмкін бұл кездейсоқтық болмаған шығар», - деді Елбасы.

 

Публикация от AkordaPress (@akordapress) 4 Июл 2018 в 6:50 PDT

Соңғы жаңалықтар