Елбасы «Назарбаев Университетінің» президенті Шигео Катсуды қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің президенті Шигео Катсуды қабылдады, деп хабарлады ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Назарбаев Университетінің» қазіргі даму барысы және жоғары оқу орнының түлектеріне бесінші рет диплом тасыру рәсіміне дайындық жұмыстары туралы мәлімделді.

- Бізде халықаралық деңгейдегі университет болады дегенге көбісі сенбеп еді. Міне, көп жылдан бері осындай университеттің ректорысыз. Жоғары оқу орнының зияткерлік әлеуеті - оқу орнының деңгейін көтеріп жатқан ғалымдар бар. «Назарбаев Университеті» Қазақстанның брендіне айналды, - деді Елбасы.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар