Елбасы Н. Назарбаев Шымкенттегі мешіттің ашылуына орай БАӘ Басшысына құттықтау жолдады

None
None
АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін, қасиетті жұма күні Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында өңірдегі ең үлкен, озық сәулет үлгісімен салынған орталық мешіттің ашылу салтанаты өтті. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің басшысы Шейх Халифа бин Зайед Әл Нахайянның атына құттықтау хат жолдады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Бұл мешіт Қазақстанда Әмірліктердің қаржылық көмегімен тұрғызылған жалғыз нысан емес. Осы тұрғыда Астана қаласында салынып жатқан көпфункционалды «Әбу Даби Плаза» кешенін ерекше атап өткім келеді. Бұл кешен 2017 жылы Астанада өткізілуі жоспарланған Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің басты нысандарының бірі болатынына сенімім зор. Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы тығыз ынтымақтастық алдағы уақытта да екі ел игілігі үшін жалғаса беретініне үміттенемін. Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Биік Мәртебелі, Сізге зор денсаулық және толағай табыс, отбасыңызға құт-береке, ал достас Әмірліктер халқына бейбіт өмір мен өркендеу тілеймін» -делінген құттықтау хатта. Мемлекет басшысының құттықтау хатын ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф оқып берді.

Соңғы жаңалықтар