Елбасы Н. Назарбаев қызметінің бірқатар қырларына ғылыми талдаулар жасалуы қажет - Мемлекеттік хатшы

None
None
АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстандық мемлекеттік басқару моделінің маңызды негізін қалаушысы - Ұлт көшбасшының рөлін айрықша атап көрсеткім келеді. Бұл жерде Қазақстан Басшысы қызметінің бірқатар қырларына ғылыми тұрғыда талдау жасау қажет етіледі.

Бүгін елордадағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин осылай мәлімдеді.

«Біріншіден, 20 жылдан астам уақытта біз стратегиялық пайымымыз туралы ашық айта аламыз. Осы жылдар ішінде әлемнің түрлі өңірлерінде метеор тәрізді жылт ете қалған көптеген жарқын саясаткерлерді көрдік. Алайда, елдің даму стратегиясын ондаған жылдарға алдын ала айқындап және оған болжам жасап қана қоймай, сол жоспарды іске асыра білу - бұл стратегиялық пайымдай алатын саясаткерге тән қасиет. Бұған қоса, көшбасшының өзімен барлық жағдайда келісе бермейтінін ұғына отырып, оның табысты болашағына деген жауапкершілік жүгін өзіне артып, кей жағдайларда қоғамдық пікірге қарсы жүре алатын күш-жігері жеткілікті болуы тиіс», - деді М. Тәжин.

Мемлекеттік хатшы маңыз берген Елбасының екінші қыры - айқындылық. Бұл ретте М. Тәжин көшбасшылардың барлығы дерлік мұндай қасиетке ие емес екенін, олардың көпшілігі оны сайлауалды науқан кезінде берілетін жалаң уәделермен шатастыратынын атап өтті. «Біздің Елбасы ешқашан әлеуметтік қиял-ғажайыптарды уәде еткен емес, ал уәде берген жағдайда дәл есептей біледі және оны әрдайым іске асырады. Үшіншіден, басқарудың инновациялық стилі. Көмірсутегіне бай көптеген елдер мұнай қайнарының айналасында дағдарып қалды. Қазақстан Президенті күш-жігерді инновациялық дамуға, технологиялық үдеріске бағыттап келеді. Елдің бәсекеге қабілеттілігі тек қана жедел технологиялық дамуында. Төртіншіден, интеллектуалдық ауқым. АӨІСШК-тен Әлемдік діндер форумына дейінгі, ЕҚЫҰ саммитінен ЭКСПО-2017-ге дейінгі, елорданы көшіруден «2030» және «2050» стратегияларына дейінгі ішкі және сыртқы сипаттағы барлық ірі жобалардың негізінде нақ Елбасының интеллектуалдық күш-қуаты жатыр. Ал, осы жобалардың әрқайсысы қазіргі заманғы кез келген ірі саясаткерді құрметке бөлей алар еді. Барлық осы деректер, идеялар, оқиғалар жүйелі әрі объективті бағаға ие болуы тиіс. Бірақ бұл әдеттегі кезекті баяндауды емес, байыпты ғылыми талдауды қажет етеді. Менің ойымша, бұл біздің тарихшыларымыздың алдында тұрған міндеттің маңызды бөлігі», - деді Мемлекеттік хатшы.

Соңғы жаңалықтар