Елбасы мүдделі елдерді ҰҚШҰ-ға серіктес және байқаушы болуға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мүдделі мемлекеттерді Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына серіктес және байқаушы болуға шақырды, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі шағын құрамда өткізілген Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының бірінші бөлігі барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында ҰҚШҰ қызметі бойынша толыққанды пікір алмасу жүргіздік. Күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер бойынша біздің арамызда өзара түсіністікке қол жеткізілді. Қабылданған шешімдер арасынан Ұйым жанындағы байқаушылар мен ҰШҚҰ серікесі туралы мәртебені нормативтік бекітуді айрықша атап өткім келеді», - деді Қазақстан Президенті ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздің кеңесі сессиясының кеңейтілген құрамдағы отырысында.null 

Елбасының атап өтуінше, бұл қадам ҰҚШҰ-ның ашықтығын, өзге мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен конструктивті қарым-қатынасты өзара негізде дамытуға дайын екендігін білдіреді.

«Мүмкіншілікті пайдаланып, ҰҚШҰ атынан мүдделі тараптарды серіктес және байқаушы мәртебесін алу туралы процедурасы туралы біздің нормативтік базамызды тыңғылықты зерделеуге шақырамын»,-  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған дейін елордада Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталғанын хабарлаған едік.

 

 

Соңғы жаңалықтар