Елбасы: Мен үшін басты мақсаттардың бірі - қазақстандық аналардың бақыты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Аналарға тағзым» атты аналар слеті өтті. Оған еліміздің әр өңірінен 1200 делегат қатысып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзі оқылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Ақтөбеде «Анаға тағзым» орталығы ашылды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, халық қаржысына салынған жаңа ғимарат қыз-келіншектерге тәрбие беріп, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне септігін тигізеді. Кейін Ақтөбедегі Өнер орталығында Аналар слеті өтті. Слет кезінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын жеткізді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алғаш рет өтіп жатқан Аналар слеті - еліміздегі отбасылық ахуалды жақсартуға бағытталған маңызды шара. Ана - әрбір шаңырақтың, сондай-ақ тұтас Отанымыздың тірегі. Ал қазақстандық аналардың әлеуметтік жағдайы жақсы болып, ұрпағының болашағына алаңдамай, бақытты ғұмыр кешуі - мен үшін ең басты мақсаттардың бірі. Сол себепті «Қазақстан-2050» стратегиясында «ана мен баланы қорғау - мемлекеттің әлеуметтік саясатының аса бір маңызды бөлігі» деп жарияладым. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанда отбасын нығайту ісі дәйекті түрде жүргізіліп келеді. Еліміздегі Әйел істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысы әрдайым менің жіті назарымда. Аналардың құқығын қорғап, әлеуметтік жағдайын жақсартумен бірге, анаға деген сый-құрметті арттыруға, оның қоғамдағы мәртебесін көтеріп, мерейін асыруға, осы арқылы отбасы институтын нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде. Рухани тұрғыдан жаңғырып, кемел азаматтар тұратын гүлденген ел болуға ұмтылған Қазақстанның дамуына аналардың ықпалы шексіз. Дүниеге ұрпақ әкеліп, оған ұлағатты тәрбие беру - жауапты да қасиетті міндет. Еліміздің әлемдік өркениет көшінің басында жүруіне әрбір қазақстандық ана үлес қосады деп сенемін»,- деп жазылған хатта.

Ақтөбедегі Аналар слетіне этнограф-жазушы Зейнеп Ахметова, ҚР балалар ісі жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева, ақын Марфуға Айтхожина, әнші Бибігүл Төлегенова, Татьяна Бурмистрова, композитор, ақын Елена Әбдіхалықова секілді бірқатар танымал тұлғалар қатысты.

null


 






Соңғы жаңалықтар