Елбасы мемлекеттік сатып алу бойынша қазақстандық мөлшерді арттыруға қатысты заң жобасын жыл соңына дейін қабылдауды тапсырды

None
None
АСТАНА.  Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін төртінші шақырылған Парламенттің үшінші сессиясын ашу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке ағымдағы жылғы қазанның 1-іне дейін мемлекеттік сатып алу бойынша қазақстандық мөлшерді арттыруға қатысты заң жобасын әзірлеуді тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік корпоративтік сатып алуларда қазақстандық мөлшердің арта түсуін жалғастыруымыз керек. Осыған орай Үкіметке ағымдағы жылғы қазанның 1-іне дейін қазақстандық мөлшерді арттыруға қатысты заң жобасын Парламентке енгізуді тапсырамын. Сондай-ақ бұл заң жобасын осы ағымдағы жылдың соңына дейін қабылдаудың маңызы зор. Осының өзі біздің заңнамалық тұрғыда жұмыс істеуімізді және отандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілетті тауар шығаруын қамтамасыз етеді», деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар