Елбасы мектеп пен балабақшаларға жаппай бейнебақылау орнатуды жүктеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында мектеп пен балабақшаларды бейнебақылаумен қамтамасыз етуді жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, бүкіл мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді, мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді және басқа да дәйекті шараларды жүзеге асыруды тапсырамын», - деді Елбасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент мектепке дейінгі білімде біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажеттігін тапсырды. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы мектептегі аяғы жоқ реформаларға соңғы шешім жасалатынын қадап айтты. 

Соңғы жаңалықтар