Елбасы Мәскеудегі «Н. Назарбаев - еуразиялық интеграцияның сәулетшісі» көрмесіне қатысады
2020 жылғы 10 наурыз 20:18

Елбасы Мәскеудегі «Н. Назарбаев - еуразиялық интеграцияның сәулетшісі» көрмесіне қатысады

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресей астанасына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сапар барысында Елбасы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі және М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде өтетін «Н. Назарбаев - еуразиялық интеграцияның сәулетшісі» көрмесінің салтанатты ашылуына қатысады.

ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, көрменің басты мақсаты – еуразиялық ынтымақтастықтың пайда болуы мен даму тарихындағы Н.Назарбаевтың рөлі мен идеяның жаңа жаһандық өлшемдегі даму перспективаларын көрсету.

Келушілерге Елбасы кітапханасының мұрағат, кітап және музей қорларының материалдары ұсынылады. Көрме «Қазақстан - Ресей: мемлекетаралық қатынастардың стандарты», «Еуразиялық одақ: идеядан тәжірибеге» және «Болашақтың зияткерлік ұлты» атты үш бөлімнен құралған.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT