+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Елбасы Мәскеудегі «Қазақстан» павильонының ашылуына қатысты

2019 жылғы 7 қыркүйек 17:10
Бөлісіңіз:
Елбасы Мәскеудегі «Қазақстан» павильонының ашылуына қатысты

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі «Қазақстан» павильонының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаевтың Бакуге сапарына қатысты видео жарияланды Елбасы: Халық денсаулығы – орнықты даму мен бақуаттылық негізі Бакудегі Саммитте Нұрсұлтан Назарбаев «Түркі келешегі-2040» бағдарламасын әзірлеуді ұсынды

Салтанатты рәсімге Елбасымен бірге Ресей Президенті Владимир Путин, қос елдің үкімет басшылары Асқар Мамин мен Дмитрий Медведев қатысты.


Көрмедегі Қазақ ССР алғашқы павильоны алғаш рет 1937 жылы ашылған. Ол алты бұрыштан тұратын, галереялармен қоршалған, декоративті мұнарасы бар ғимаратта орналасқан еді. Ол кезде бүкіл конструкция ағаштан жасалған болатын.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін павильон жаңасына ауыстырылды. Содан кейін ол тек 1954 жылы ғана келушілерге есігін айқара ашты.

Павильонның экспозициясы республиканың экономика, мәдениет, өнеркәсіп, мал және өсімдік шаруашылығындағы жетістіктерімен толтырылған еді. 50 жылдардың соңында индустрия тақырыбына арналса, 1964 жылдан бері Қазақстан павильоны «Металлургия» деп аталды. Кеңес Одағы құлағанға дейін осы атаумен өмір сүрді. Ал 90-жылдардан кейін мұнда дүкендер, кеңселер, коммерциялық музейлер мен дәмханалар жұмыс істеп келді.



2011 жылы Ресей тарапы ғимаратты Қазақстанға жалға беру жөнінде шешім қабылдады.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қолдауымен ғимарат қайта жаңғыртылып, қасбеті, интерьері мен скульптуралық композициялар қалпына келтірілді. Орталық көрме залының үстіне шыны күмбез тұрғызылды.


Бүгін де 65 жыл бұрынғыдай павильонның кіреберіс аркасында қонақтарды ақын Жамбыл Жабаев пен Социалистік еңбек ері Шығанақ Берсиевтің мүсіні қарсы алып тұр.










Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT