+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Елбасы: Машина жасау саласы - экономикалық дамудағы басым бағыттың бірі

2017 жылғы 21 қыркүйек 10:02
Бөлісіңіз:
Елбасы: Машина жасау саласы - экономикалық дамудағы басым бағыттың бірі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Мамин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан машина жасаушылары V форумының қатысушыларына арналған құттықтау хатын оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қуатты әрі өнімділігі жоғары машина жасау саласын құру - елдің экономикалық дамуының ең басым бағыттарының бірі. Мемлекет салаға жан-жақты қолдау көрсетуде, сондай-ақ бұл салаға стратегиялық инвесторларды тарту мен ауқымды инновацияларды енгізу тұрғысында барлық қажетті жағдайды жасауда. Бүгінде Қазақстанда отандық компаниялармен бірге әлемдік нарықтың көшбасшылары да өздерінің қызметін табысты түрде дамытуда»,-деп атап өтілген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Президент өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінде машина жасау үлесі 10 пайызға жуық деңгейде екенін атап өтті. Индустрияландыру картасы аясында жүзден астам жоба іске қосылып, елімізде бұрындары өндірілмеген бірегей жоғары технологиялық жаңа өнімдер пайда болды.

«Машина жасау саласын кешенді жаңғырту мен оның халықаралық деңгейде жүйелі түрде алға жылжуы Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттігін арттыруға әрі еліміздің әлемнің озық 30 мемлекетінің қатарына қосылуға ықпал ететініне сенімдімін»,-делінген Елбасы құттықтауында.

Айта кетейік, Астанадағы форумға әлемнің 16 елінен 800-ге тарта делегат қатысуда. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл шара осымен бесінші рет өткізіліп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT