Елбасы мақаласындағы мәселелер шәкірттеріміздің жұмыстарынан көрініс тауып отырады - Сейітқали Шалабаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жуырда біз өз шаңырағымызда «Ұлт руханиятының темірқазығы» атты дөңгелек үстел өткіздік. Онда шәкірттерімізге Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының мән-мағынасын түсіндірдік, деп жазады О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы  өнер колледжінің директоры,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор  Сейітқали Шалабаев «Алматы ақшамы» газетінде жарық көрген мақаласында.

 сайтынынАСТАНА. ҚазАқпарат - Жуырда біз өз шаңырағымызда «Ұлт руханиятының темірқазығы» атты дөңгелек үстел өткіздік. Онда шәкірттерімізге Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының мән-мағынасын түсіндірдік, деп жазады О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы  өнер колледжінің директоры,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор  Сейітқали Шалабаев «Алматы ақшамы» газетінде жарық көрген мақаласында.

Ондағы әрбір бөлімге тоқталып, ұлттық құндылықтарымызға тереңірек үңіліп, бәрін егжей-тегжейлі таразыладық. Бұлайша терең мән беруіміздің де өз себебі бар. Біз, яғни 80 жылдық тарихы бар О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің оқытушылары кескіндеме, мүсін, сәндік театр өнері, интерьер, киім, графика дизайны, көркем тоқыма, әшекейлеу, ағашты, қышты, металды көркемдеп өңдеу мамандықтары бойынша мамандар оқытып шығарамыз. Сондықтан «Ұлы даланың жеті қырының» бір бөлшегін біздің өнер ордасынан да табуға болады.

Мысыр пирамидалары, Галикарнас кесенесі, Родос алыбы, Александрия маягы, Эфестегі Диана ғибадатханасы, Олимпиядағы Зевс мүсіні және Семирамиданың аспалы бағы секілді әлемнің әйгілі жеті кереметі қазіргі уақытта бүкіл адамзат қауымына белгілі тарихи жәдігерлер. Мұнан өзге дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі осы тектес тарихи мұралар «әлемнің жиырма жеті кереметі», «әлемнің отыз жеті кереметі» деген ұғымдар шегінде әлемдік қауымдастыққа танымал.

«Ұлы даланың жеті қырында» нақты көрсетілген міндет-мақсаттарды орын­дап шығатын болсақ, осы әлемдік кере­меттердің қатарынан біздің де табыларымыз сөзсіз. Әр халық немесе мемлекет өз аума­ғын­да пайда болған адамзат мәдениетінің асыл құн­дылықтарына жататын ескерт­кіштерді түгендеп, ардақтауға ұмтылуы тиіс. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ елі тарихи ескерткіштерге мейлінше бай.

Қазақ халқының дүниетанымында жеті саны аса қасиетті hәм қастерлі сан. Оның мәні мен мағынасын ашып, тылсым құпия­сын шешуге ұмтылмай-ақ, «жеті қат көк», «жеті қазына», «жеті жұт», «жеті жар­ғы», «жеті өнер», «жетісін беру», «жеті шел­пек», «жеті күн», «жеті қарақшы» секілді жеті санымен байланысты тағы да басқа ұғым­дардың қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті мен көзқарасында ерекше орны бар екенін айтсақ та жеткілікті.

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы біздің кім екендігімізді анықтап, ендігі жүрер жолымызды нақтылап белгілеп берді. Елбасы айтқан ұлы даланың жеті қырының қай-қайсы да қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра. Атқа міну мәдениеті, ежелгі металл өндіру мен өңдеу технологиясы, өз жазуы мен ми­фо­логиясы бар озық мәдениетті Қазақ елінің рухани байлығының айшықты белгісі - «аң стилі өнері», бүкіл әлемді тамсандырған дала өркениетінің жәдігері - «Алтын адам», түркі әлемінің бесігі саналатын Алтайдан бастау алатын түркі тарихы, әлемдік экономиканың өркенденуіне септігін тигізген - Ұлы Жібек жолы, Қазақ елінің ұлттық брендіне лайықты алма мен қызғалдақтар, еліміздің аумағында орын алған тарихи жәйт қана емес, сонымен қатар, әрбір қазақ үшін де аса қымбат құн­дылықтар. Елбасы мақаласында көтерілген осы мәселелердің бәрі де біздің дарынды шәкірттеріміздің күнделікті шығармашылық жұмыстарынан көрініс тауып отырады десем, артық айтқандығым емес. Сондықтан алдағы уақытта колледждің оқу үрдісіне, яғни курстық және дипломдық жұмыстарға ұлы даланың жеті қырын жеке-жеке тақырып ретінде қосу керек деп жоспарлап отырмыз.

Өнерді сүйетін талантты жастардың ой-танымын, шеберлігін шыңдайтын, шығарма­шылық ізденімпаздығын ұштайтын киелі өнер шаңырағындағы алқалы басқосуға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретші-қалпына келтіруші (реставратор), ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР көркем­өнер академиясының академигі, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері Қырым Алтынбековті және әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университетінің оқыту­шысы, археолог, тарих, этнология және музео­­логия кафедрасының доценті, тарих ғылымының кандидаты Ғани Омаровты да арнайы  шақырдық. Меймандар жастарға дала өркениетінің кереметтерін әңгімелеп берді.

Қырым Алтынбеков - мақаланың төртінші қырында тарқатылған, сондай-ақ, «Қазақстанның жеті кереметіне» енген «Алтын адам» мұрасы бойынша көп жұмыс атқарған азамат. «Алтын адамның» киімдері мен әшекей бұйымдарын қайта қалпына келтіру жұмыстарының ерекше тәсілін ойлап тапқан реставратор. Қазір әлемде Қырым Қасенханұлының сол тәсілі бойынша қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетінін айта кетсем, артық болмас.

Алтын адам - әлемге мәшhүр сақ тайпалары өмір сүрген нақтылы кезең мен олардың әдет-ғұрпын, мәдениетін айрықша дара көрсететін тарихи мұра. «Алтын адам» алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекей­лер барыс, бұлан, арқар, таутеке, түрлі құс бейнеленген қаптырмалармен және тоғалар­мен сәнделген. Көйлектің сыртына киілген қызыл бояумен боялған былғары бешпетті безендірген алтын бұйымдар үш мыңға жуық.

Бас киімнің маңдайшасындағы қанатты әрі мүйізді аттардың өзі сақтардың дүниетанымындағы ерекшеліктерді білдіреді.

«Алтын адамның» әшекейлері арасында ою-өрнектердің геометриялық, өсімдік тек­тес түрлері көптеп кездеседі. Әсіресе, жапы­рақтар мен өсімдік сабақтарының пішініндегі ою-өрнектер кеңінен қолданыс тапқан.

«Алтын адам» табылған Есік обасындағы металл бұйымдардың басым көпшілігі құйы­лып жасалған. Сонымен қатар, оларда қалыптау, бедерлеу технологиясы пайдала­нылған. Бұл сақ шеберлерінің металл өңдеу­дегі, мүсін құюдағы, мүсінді бедерлеудегі тех­никалық жабдықтарды қолдана білген­дігін айғақтайды. Сақ шеберлері өндірісте мате­риалдарды, яғни металды, ағашты, матаны, теріні кеңінен қолданған. Олар бір бұйым жасау барысында металл мен ағашты, тері мен матаны, түрлі металды өзара үйлестіре білген.

«Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері - металлургия пайда болған алғашқы орта­лықтардың бірі. Ежелгі заманда-ақ Қазақ­станның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады.

Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қанша­лықты қарқынды дамығанын көрсетеді», - деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев өз мақаласының «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» деген бөлімінде.

Міне, ұлы дала өркениетінен мұра болып жеткен осы ежелгі әдістерді қазіргі таңда біздің колледждің студенттері жалғастырып жүр. Біз олардың жұмыстарымен әрдайым мақтанып жүреміз. Көптеген халықаралық, республикалық көрмелерге қатысып, шығар­машылық байқаулар мен фестивальдардың жүлделі орындарын иеленіп келеміз. Әсіресе, шетелдіктер біздің студенттердің  қолы­­нан шыққан кескіндемелерге, ұлттық әшекей­лерге, қыш, металл және ағаштан жасал­ған тұрмыстық  бұйымдарға, тоқыма туын­дыларына аса қызығушылық-құрмет білдіріп, таңғалыс­тарын жасыра алмай жатады. Ал сол жас шеберлерімізге Мәскеу, Петербор, Алматы, Ташкент қалаларының және Ресейдің басқа да ірі орталықтарында жоғары оқу орын­дарын бітірген, қазіргі за­ман талаптарына сай кәсіптік деңгейде білім беретін жоғары дәрежелі ұстаздар дәріс беріп, олардың ұлттық өнерге деген құш­тар­лығын арттырып, нағыз шеберлерді дайындап жүр.

Иә, біздің колледж дарынды жастардың ой-таным шеберлігін шыңдайтын, шығар­машылық ізденімпаздығын ұштайтын киелі өнер ошағы. Өйткені, ол Қазақстанда тұңғыш шаңырақ көтерген өнер саласындағы ең алғашқы оқу орны болып саналады. Оның атағын әйгілі еткен елімізге белгілі қазақ бейнелеу өнерінің қайраткерлері: КСРО Халық суретшісі, Ресей Көркемсурет академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сый­лығының лауреаты, Қазақстан Республи­касына еңбегі сіңген өнер қайраткері, Ха­лықаралық Ғылым академиясының құрметті академигі Қ.Телжанов, КСРО Халық сурет­шілері, Қазақстан Республикасы Мемле­кеттік сыйлығының лауреаттары С.Мәмбеев, Х.Наурызбаев, М.Кенбаев, Ү.Әжиев, Ж.Шар­­денов, А.Ғалымбаева, Г.Исмаилова, Ә.Хайдаров, М.Калимов, Ы.Қарсақбаев, С.Айтбаев, Е.Мергенов, Е.Сергебаев, Т.Досмағамбетов, Б.Зәуір­бекова. Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткерлері: Т.Әбуов, А.Ақанаев, Б.Дос­жанов, А.Жұбанов, К.Мул­лашев, Е.Тұяқов, Д.Шоқпаров, Д.Сүлеев, А.Дүзелханов және тағы басқалар.

Жалпы, дамыған мемлекеттердің еңбек нарығында лицей және колледж бітіруші­лердің қажеттілігі өте жоғары. Атап айтар болсақ, АҚШ, Жапония, Еуроодақ елдерінің жұмыспен қамтылған халқының  құрылы­мында лицейлер мен колледждерді бітірген мамандар 60 пайызды құрайды екен. Сондықтан біздің студенттер де болашақта елінің қабырғасына бір кірпіш болып қаланары сөзсіз.

Елбасы өз мақаласында: «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу­ға толық мүмкіндігіміз бар. Оған озық өнер мен технология үлгілерін - аң стилінде жасалған бұйымдарды, «Алтын адамның» жарақтарын, жылқыны қолға үйрету, метал­лургияны дамыту, қару-жарақ, сауыт-сайман дайындау үдерісін көрсететін зат­тарды және басқа да жәдігерлерді жинақтауға болады», - деді.  Бұл мақсатты жүзеге асыру­да біздің ұс­таздардың да, ұлы дала ұрпақ­тары  - студент­тердің де үлес қоса­тыны, ай­шықты олтаң­баларын қалды­ратыны сөзсіз.

«Рухани жаңғырудың» заңды жалғасы ретінде қабылданған бұл бағдарламалық мақаланың төл тарихын, ұлттық құнды­лықтарын бағалайтын және оны мақтан тұтатын әр қазаққа берері мол деп білемін.

 

Фото: kg-tv.com сайтының видеобейнесинен алынған скриншот

Соңғы жаңалықтар