Елбасы мақаласында «Ұлы Дала Елінің» қазіргі ахуалы туралы ойымен бөлісті - академик С. Нұрмұратов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Әлеуметтік Ғылымдар академиясының академигі, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары, философия ғылымдарының докторы, професссор Серік Нұрмұратовтың айтуынша, Елбасы оқырмандармен «Ұлы Дала Елі» халқының қазіргі жағдайына, дағдарыстың алдын алу қажеттігіне арналған ойларымен бөлісті.

«Өткен ғасырларда талай қиындықтарды басынан өткізген халқымыз үшін қазіргі тарихи кезеңнің кейбір ауыртпалықтарын еңсеру үшін, бұралаңдарынан дұрыс жол табу үшін нақты жүйелі мемлекеттік тұрғыда әлеуметтік қадамдар керек екені баяндалды. «Түбінде табысты, серпінді дамушы қазақстандық қоғамды қалыптастыру» ұғымы көпшіліктің қоғамдық санасында маңызды бағдар, базалық құндылық ретінде орнығуы тиіс екені көрсетілді. Мемлекет басшысы айтқандай, реформаны жүзеге асырудың заңнамалық негізі жасалды. 59 заң ұлт жоспарын жүзеге асырудың негізгі іргетасы ретінде қаланды. Бұл реформалар еліміздің 30 елдің қатарына ену үшін жасалып жатыр. Енді осы жұмысқа мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, азаматтар белсене қатысуы керек», - деді Серік Нұрмұратов.

Соңғы жаңалықтар