Елбасы мақаласы сын сағатта халқымыздың ертеңге сенімін арттырды – ректор

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Қауіп-қатермен бетпе-бет келген Қазақстан халқы осындай сын сағатта ішкі бірлігін көрсетіп, өзара жанашырлығын танытып отыр. Шымкенттік ОҚМПУ ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлжан Сүгірбаева Елбасы Н. Назарбаевтың мақаласы сын сағатта халқымыздың төзімі мен сенімін арттырғанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Гүлжан Дәулетбекқызының айтуынша, Қазақстан халқы осындай сын сағатта мойымай, бірлік пен татулықтың шынайы үлгісін көрсетіп отыр.

«Елбасы мақаласында әлем халықтарын әбігерге түсірген індеттің таралуына байланысты жұртшылықты сабырға шақырып, ақ тілеуін жеткізді. Қауіпті дерттің алдын алу бағытында еліміз әлем елдерінің ішінен алғашқылардың бірі болып пәрменді шаралар қабылдады. Бұл өз кезегінде коронавирус инфекциясының ел аумағында таралуын қатаң бақылауда ұстауға мүмкіндік беріп, отандастарымыздың денсаулығын қорғау бағытында бұрын-соңды болмаған алдын алу кешенді іс-шараларын ұтымды ұйымдастыруға жағдай жасалды. Қауіп-қатермен бетпе-бет келген Қазақстан халқы осындай сын сағатта ішкі бірлігін көрсетіп, өзара жанашырлығын танытып отыр»,- дейді университет ректоры.

Оның сөзіне сенсек, бұл мақала қиын-қыстау кезеңде халықтың қиындықтарға мойымай өтетінін паш етіп, қалыптасып отырған жағдай оңай емес екенін атап өткен.

«Елбасы осындай сын сағатта халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығатынымызды жеткізді. Иә, мұндай қиындықтар рухымызды шыңдайды. Елімізде бұдан бұрын да талай қиындықтар болған, мұны да ел болып еңсереміз»,- дейді Гүлжан Сүгірбаева.


Фото: okmpi.kz


Соңғы жаңалықтар