Елбасы мақаласы ҚХА қызметінің даму бағыттарын айқындап берді - Е.Тоғжанов (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Достық үйінде «Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институттық реформасы» форумы өтті. Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылдық жұмысы қорытындыланып, Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы көпшілік талқысына түсті.

ҚХА төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов айтқандай, өзінің мақаласында Мемлекет басшысы Ассамблея жұмысының жаңа форматының басты бағыттарын айқындап берді. «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы 5 институттық реформаны жүзеге асырудың тәжірибелік жол картасы іспеттес. Бұл мақала арқылы Ұлт жоспарының практикалық жүзеге асырылуы басталып кетті деуге болады. Бүгінгі іс-шарамыз жалпы біртұтас ұлттың болашағы туралы бес институттық реформаның бағытында жүргізілетін төртінші реформа. Бұның негізінде, сөз жоқ, «Үлкен ел - үлкен отбасы» атты үлкен жобаның жүзеге асырылуы жтыр. Неге десеңіздер, жоба бүгін ғана жүзеге асып жатқан жоқ. Өткен жылдың өзінде бастап кеткенбіз», - деді ол.
Ералы Тоғжанов былтыр Ассамблея жылында атқарылған жұмыс жайлы айтып өтті. Оның ішінде 2002 жылы қабылданған ҚХА туралы заңға бірнеше өзгеріс енгізілді. «Үлкен ел - үлкен отбасы» жобасы аясында 20 нақты шара жүзеге асырылды. «20 игі іс» жобасы аясында еліміздің мұқтаж отбасыларына 2 млрд .теңге жиналды. Бұл бағыттағы жұмыс биыл да жалғасатын болады. «Мемлекет басшысы айтқандай, біз басты 5 қағидатты ұстануымыз керек: негізділік, сабақтастық, транспаренттік, қадағалау мен бақылау. Оның ішінде 25 қағидат қазір жүзеге асырылу үстінде», - деді Е.Тоғжанов.
Шара соңында ҚХА жалауы салтанатты түрде Республикалық Достық үйіне тапсырылды.
Тоғжанов Тоғжанов Тоғжанов Тоғжанов Тоғжанов

Соңғы жаңалықтар