Елбасы мақаласы ғылыми зерттеуге бағыттайды - тарих ғылымдарының докторы

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласықазақ тарихын қозғап отырған, танымдық саясатқа үлкен ой салатын құнды дүние. Бұл туралы ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Дария Қожамжарова аталған мақала арқылы Елбасы қазақ деген ұлттың халықаралық аренадағы өзіндік орнының бар екенін,тарихи сахнада өткені мен бүгіні  және  болашағы  зор  екенін атап өтеді деп отыр. Үшінші мыңжылдықтағы көпполярлы дүниенің даму жолдарыменен тарих тағлымдары туралы ой қозғалады, сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға үнілуге мүмкіндік береді. 

«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы адамның санасына ой салатын,  рухани бағыттаушы ретінде қабылдауымызға болады. Бір сөзбен бүкіл тарихымызды қозғайтын, көптеген сауалдарға жауап беретін тарихи құжаттама деп айта аламыз. Мәселен, мақаланың ішінде жеті қырының бірі ретінде ежелден келе жатқан шаруашылығымызды атап өтеді. Елімізге сіңген қадір қасиеттеріміз, жеті аталық рухымыз айтылады. Соның ішінде қанның тазалығы  және атқа міну тәсілі мен мәдениеті, батырдың қырағы болған жүйрікті неліктен символ ретінде қолданғанымыз жазылған. Бұл мақала танымдық саясатқа үлкен ой салатын дүние деп түсінемін»,-дейді профессор Дария Қожамжарова.

ҚР тарих  ғылымдар академиясының академигі сондай-ақ, Елбасы мақаласын  әлі де  ғылыми айналымға түсетін зерттеу бағыттары мол екендігін  баса айтады.

«Мақалада қазақ этносының уақыт кеңістігіндегі ұлт болмысының мәңгілігі, біртұтастылығы айтылады. Жалпы, қазақстандықтардың патриоттық сезімін оятатын, халқымыздың дүниетанымының қүндылықтарың ұрпаққа жеткізетін тарихи сананы жанғыртатың ғалымдарға соны ой тастайтын құжат деп қарастыруымыз керек. Қазір еліміздегі ғалымдар осыған бет бұрып, жастарды осы  мақаланы бағыттаушы, сүйемелдеуші ретінде зерделеу жұмыстарын анық бастайтын  кез жетті деп ойлаймын. Осы мақаланың негізінде  университеттегі  әмбебап бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу орталықтарын ашып, ғылыми ізденістер мен археологиялық қазбалар, этнографиялық зерттеулер жүргізетін боламыз»,  - дейді тарих ғылымдарының докторы. 

Соңғы жаңалықтар