Елбасы мақаласы болашаққа адастырмас бағдар жасауға бастайды - Раушан Қапарова

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Мемлекет  басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы еліміздің рухани өмірінде үлкен серпіліс туғызатын кезекті маңызды дүние. Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің басшысы Раушан Қапарова осындай пікір білдірді.

«21 қарашада жарияланған мақала сан ғасыр бойына қалыптасқан  Ұлы дала мәдениетіне кеңінен сараптама жасап, өткеннің өрнекті тұстарын кемел келешек қалыптастыру жолында үйлесімді қолдануға үндейді. Бұл Елбасының 2017 жылы сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының заңды жалғасы іспеттес. Олай дейтініміз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мәдени, тарихи құндылықтарымыздың рухани өмірімізде алар орнына тоқтала келе, ХХІ ғасырдағы ұлттық сананың сыр-сипатын айшықтап берсе, мына мақала әлемдік өркениетте өзіндік орны бар Ұлы дала мәдениетін тану, зерттеу жұмыстарын жаңа деңгейге көтермек», - дейді Раушан Қапарова.

Сондай-ақ, ол кейінгі жылдары белгілі болған мәдени жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік беретінін айтады. Елбасы да «Бұл - тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы қазақ халқының түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады. Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті» деп атап өткен еді.

Музей басшысының сөзінше, мақалада «Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек» деген жолдар бар. «Ұлы даланың жеті қыры» - сол тарихты дұрыс түсініп, өткеннен тағлым алуға, болашаққа адастырмас бағдар жасауға бастайтын құнды мақала. 

Соңғы жаңалықтар