Елбасы: Қытаймен қарым-қатынасымыз өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісі болуы тиіс

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат -  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапары аясында аталмыш елдің Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сізді Мемлекеттік кеңес премьері лауазымына қайта сайлануыңызбен тағы да құттықтағым келеді. Бұл бізді қуантады әрі жұмыстарымызды одан ары жалғастыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Елбасы Ли Кэцянның жетекшілігімен Қытай Коммунистік партиясының 19-съезінде және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы сессиясында жүктелген міндеттер табысты орындаларына сенім білдірді.

«Қытайдың алдында үлкен міндет тұр және біз достас көрші, қайырымды дос ретінде сіздердің бастамаларыңызға қолдау көрсетіп, көмек беретін боламыз. Елдеріміз арасындағы саяси және экономикалық серіктестік жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Біздің қарым-қатынасымыз өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісі болуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы. 

Өз кезегінде Ли Кэцян Қазақстан Президентінің бұл жолғы сапары жемісті боларына сенімді екендігін баса айтты.

«Бұл сапарыңыз және Циндаодан өтетін ШЫҰ саммитіне қатысуыңыз қытайлық-қазақстандық қарым-қатынасты жаңа биікке көтеретіндігі сөзсіз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар