+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Елбасы: Құрбан айт – адамдарды мейірімділік пен ізгілікке үндейтін мереке

2021 жылғы 20 шілде 07:57
Бөлісіңіз:
Елбасы: Құрбан айт – адамдарды мейірімділік пен ізгілікке үндейтін мереке

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты. «ҚазАқпарат» агенттігі оқырман назарына құттықтаудың толық мәтінін ұсынады.

***

Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – адамдарды бейбітшілік пен бірлікке, мейірімділік пен ізгілікке үндейтін жарқын мереке.

Қазақстандықтар үшін бұл мейрамның маңызы ерекше. Ол адамгершілік және рухани құндылықтарды насихаттап, түрлі ұлт пен дін өкілдері арасындағы ауызбірлік пен сыйластықты арттыруға септігін тигізеді.

Айт күндері әрбір адам игі істер жасап, рухани тазаруға, құрбан шалып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға тырысады.

Қазіргі таңда Құрбан айт мейрамы жақсылықтың жаршысына айналып, елімізде татулық пен келісімді нығайтуға ұйтқы болып отыр. Алдағы уақытта да солай боларына кәміл сенемін.

Осынау қастерлі мерекеде әрбір шаңыраққа шаттық, тыныштық пен бақ-береке тілеймін!

Айт қабыл болсын!


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT