+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Елбасы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық туралы заңға қол қойды

2016 жылғы 13 желтоқсан 17:07
Бөлісіңіз:
Елбасы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық туралы заңға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға жария түрде қол қойды, деп хабарлайцды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев рақымшылық жасау мемлекеттің ізгі ниетінің көрінісі болып саналатынын айтты.

- Отандастарымызға қатысты жасалған осынау кешірім мен мейірім және үміт актісі қоғамды сауықтыруға мүмкіндік береді. Рақымшылық жасау шарасы әлеуметтік тұрғыдан осал адамдарды, атап айтқанда, кәмелетке толмағандарды, жүкті және балалары бар әйелдерді, мүгедектер мен қарттарды қамтиды, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы елімізде Тәуелсіздік жылдарында 8 рет рақымшылық жасалғанын айтты.

- Рақымшылық 28 мыңға жуық азаматқа жасалады деп жоспарланып отыр. Бұл - ел Тәуелсіздігінің мерейтойы қарсаңындағы маңызды адамгершілік акциясы, - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев түзеу мекемелерінен 1500 адам босатылып, соның 80%-ы пробация қызметінің бақылауында болатынын атап өтті.

- Бұлардың бәрі - өз азаматтарымыз. Олардың түзу жолға түсіп, қоғамнан орнын табуына мүмкіндік беру керек. Бәріміз оларға көмек көрсетуіміз қажет. Кешірім жасалғандар енді заңсыздыққа жол бермейді деп үміттенемін, - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдарында республикамызда заңнаманы ізгілендіру жолында ауқымды жұмыс атқарылғанын айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT