+7 (701) 759 90 19
USD 385.01 EUR 425.78
RUB 6.05 CNY 54.68
Jańalyqtar

Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясынан ҚР Президенттігіне кандидат ретінде ұсынды

2019 жылғы 23 сәуір 11:21
Бөлісіңіз:
Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясынан ҚР Президенттігіне кандидат ретінде ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы уақытта елордада ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен партияның кезектен тыс ХІХ съезі өтіп жатыр.

Съезд барысында 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған кезектен тыс президенттік сайлауға партия атынан түсетін кандидат таңдалатын болады. Партия съезінің жұмысына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламент палаталарының төрағалары Дариға Назарбаева мен Нұрлан Нығматулин, Премьер-Министр Асқар Мамин, Үкімет мүшелері, депутаттар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, дипломатиялық корпус өкілдері, өңірлерден келген 627 делегат, жалпы 1500-ден астам адам қатысып отыр.

Айта кетерлігі, 10 сәуірде Елбасы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды. Сол күні Нұрсұлтан Назарбаев партияның орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен кеңес өткізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT