Елбасы қоры мен ЮНИСЕФ ынтымақтастық меморандумын бекітті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры мен БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Меморандумға сәйкес, ЮНИСЕФ және ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры Қазақстандағы балалар құқығына қолдау білдіру мәселелері туралы қоғамдық ақпараттандыру саласында тығыз жұмыс істемек.

«Елбасы қоры жылдар бойы балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашатын түрлі жобаларды жүзеге асырып келеді. Себебі, жас дарындарды қолдау - жалпыұлттық маңызы бар іс. Жылдан-жылға әлеуметтік жобаларды, оның ішінде балалар үйімен, интернаттармен белсенді жұмысты арттырудамыз. Сонымен бірге, біздің қор инклюзивті білім беру саласында да табысты жұмыс істеп жатыр. Қор ұйымдастырған республикалық балалар параламипиадалық старттары, «Мейірім» инклюзивті балалар шығармашылығы байқауы, «Аман келешек» фестивалі ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғамға бейімдеуге бағытталған», - деді ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов меморандумға қол қою рәсімінде.
null 

Өз кезегінде Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Юрий Оксамитный меморандум аясында балаларды жастайынан дамыту, үлгілі ата-ана болу, инклюзивті білім беру мәселелеріне қоғам назарын аударуға үміт білдірді.

Айта кетейік, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) әр баланың құқығын қорғайтын бейбітшілік құру ісіндегі жетекші ұйым болып табылады. Аталған қор әлемнің 190 елінде қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар