+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Елбасы көрсеткен бағыт арқылы ұлт ретінде әлем сахнасынан өз орнымызды аламыз - А.Тшанов

2017 жылғы 25 сәуір 11:03
Бөлісіңіз:
Елбасы көрсеткен бағыт арқылы ұлт ретінде әлем сахнасынан өз орнымызды аламыз - А.Тшанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ұлттық сана мен рухани жаңғыруға серпін беретін Елбасы көрсеткен бірнеше бағыт арқылы біздің ұлт ретінде әлем сахнасынан лайықты өз орнымызды алатынымызға толық сенеміз». Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Республикалық спорт колледжі РМҚК директоры А.Тшановтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» атты мақаласына орай білдірген пікірінде айтылған.

«Егемен Қазақтан» газетінде «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» тақырыбында жарық көрген Сіздің еңбегіңіз өзінің терең мазмұны және мағынасымен біздің ұжымды қатты толғандырды. Әлемдік қауымдастықта орын алып отырған ғаламдық өзгерістер жағдайында, еліміздің жарқын болашағына тікелей байланысты тапсырмалар алға қойылғандықтан, бұл мақалаңыздағы ұсыныстарыңызды толық әрі қызу қолдаймыз. Ұлттық сана мен рухани жаңғыруға серпін беретін Сіз атап өткен бірнеше бағыт - біздің ұлт ретінде әлем сахнасынан лайықты өз орнымызды алатынымызға толық сенеміз. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады» деген сөзіңіз бізге үлкен қуат береді. Сондықтан, біздің әрқайсымыз және ұлтымыз ХХІ ғасырда осындай қасиеттерге ие болуымыз керек.

Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің прагматизм және ұлттық бірлікті сақтап қалу мәселесіндегі сүбелі ойларыңыз бізді терең ойға қалдырды. Осы жерде Сіздің тікелей бастамаңызбен құрылған әлемде теңдесі жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі жоғары тұрғанын ерекше атап өтеміз. Бұл қоғамдық-саяси ұйымның өміршең екендігін уақыттың өзі дәлелдеп, республикамыздағы ұлтаралық татулықты сақтауға шексіз үлесін қосып келеді.

Сонымен қатар, Сіз қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қалыптастыру жөнінде ұлт алдына басқа да міндеттерді қойып отырсыз. Олардың ішіндегі ең негізгілерінің бірі - қазақ тілінің біртіндеп латын әліпбиіне көшуі болып табылады. Біз, мұның уақыт талабынан туындап отырғанын жақсы түсінеміз. Одан басқа ұлттық экономиканың өрлеуінің басты өзегі заманауи ғылым қауымдастығының жаңалықтарын жас ұрпаққа беру болып табылады. Осыған байланысты, Сіздің ұсынысыңызбен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынып отыр. Осының бәрі тарих, саясаттану, әлеуметтану және т.б. ғылымдар төңірегінде жастарымызға толыққанды білім алуға көмектесетініне кәміл сенеміз.

Сіздің идеяңыз - болашаққа жол бастау! Оның барлық міндеттерін орындау ұлттың рухани жаңғырып кемелденуіне сөзсіз жетелейді", - деген ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT