+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Елбасы коронавируспен ауырып жатқандарға: Көнбеу керек, жеңу керек

2020 жылғы 6 шілде 17:00
Бөлісіңіз:
Елбасы коронавируспен ауырып жатқандарға: Көнбеу керек, жеңу керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан ауырып жатқан қазақстандықтардың барлығына аман-есен жазылып шығуына тілекші екендігін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Біз барлық жетістікке ынтымақтың арқасында қол жеткіздік»: Елбасының қанатты сөздері «Qazaqstan» телеарнасынан «Елдіктің бастауы» жаңа деректі фильмі жарыққа шығады Қырымбек Көшербаев: Елбасы бастамалары әлемдік экономика мен саясатты түбегейлі жаңарту үшін қажет

«Қадірменді халайық! Бәріміз де қиын кезеңді бастан кешіріп жатырмыз. Бүкіл дүниемен бірге көріп жатқан нәрсе бұл. Мен ол қиыншылықтарды өз басымнан өткіздім. Осы кезде жанашырлық білдірген барлық жерлестеріме, отандастарыма шын көңіліммен тағы бір ризашылығымды айтқым келеді. Сіздердің Қазақстанның әр саласынан, әр түкпірінен, әрі өнеркәсіптен, мәдениеттен, спорттан, денсаулық сақтау жүйесінен маған айтып жатқан тілектеріңіздің арқасында күш-қуат алып, емделіп шықтым. Көп рахмет. Қазір де сырқаттанып жатқан, қиналып жатқан жандар бар. Солардың баршасы аман-есен шығады деп сенемін. Себебі оған сену керек. Көнбеу керек, жеңу керек. Біз одан күштіміз деп санасаңыздар барлығын жеңеміз. Біз көп нәрсені жеңіп келе жатқан батыр бабалардың ұрпағымыз. Құдай бұйыртса, бұдан да өтеміз», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Сонымен қатар Елбасы бүгінгі туған күніне орай бүкіл дүниежүзінен, Қазақстанның түкпір-түкпірінен құттықтаулар мен ізгі тілектер алып, оқып жатқанын атап өтті. Құттықтау жолдаған барлық шет мемлекеттердің басшыларына, қайраткерлері мен саясаткерлеріне және қазақстандықтарға рахметін айтқан Тұңғыш Президенті баршаға шын көңілінен үлкен табыс, бақыт тілейтіндігін жеткізді.

«Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Бұл нәубеттен де өтеміз. Ертеңгі күні жүзіміз жарқын болып, талай кездесетін боламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, Елбасының коронавирустан ауырып жатқан қазақстандықтардың барлығына аман-есен жазылып шығуына тілекші екендігін білдірген видеоны ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жариялаған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT