Елбасы: Конституция әлеуеті Қазақстанның дамуына ұзақ жылдар қызмет етеді

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Конституция: құқық үстемдігінің, азаматтық қоғам мен заманауи мемлекеттің құндылықтарын іске асыру» атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова конференция қатысушыларына арналған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді.
null 

«Дәстүрге айналған Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған халықаралық конференцияға қатысып отырған Сіздерге сәлемімді жолдаймын. Конференцияның өзекті күн тәртібі заманауи демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекеттің негізін құруды қамтамасыз еткен конституциялық принцип пен нормалардың ерекше маңызын атап өтеді», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған ҚР Конституциясы қазақстандық мемлекеттілік дамуының, адам құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуының берік іргетасын қалағанын атап өтті.

«Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан, халықаралық қоғамдастықта мойындалған қазақстандық қоғам дамуының бірегей моделі қоғамдық келісім мен тұрақтылық, экономикалық даму және Қазақстан халқының ортақ тарихи тағдыры туралы конституциялық ережелердің мүлтіксіз сақталуының арқасында мүмкін болды. Бүгінгі таңда елімізде Парламенттің, Үкіметтің және жергілікті өкілді органдардың өкілеттілігін едәуір кеңейтуге мүмкіндік берген Конституциялық реформа сәтті жүзеге асырылды. Халықтың құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, Конституциямен қабылданған заңдарға жоғары құрмет дәрежесін қамтамасыз ету өзекті мәселе. Құқықтық үстемдік ету, Конституцияның жоғары тұруы, заңның билігі - бұл бүгінгі таңда Қазақстанның сәтті дамуының және оның заманауи жаһанда лайықты орынға ие болуының аса маңызды мәселесі. Қолданыстағы Конституцияның әлеуеті Қазақстанның одан әрі дамуына және әлемнің барынша дамыған отыз елінің қатарына кіруіне ұзақ жылдар қызмет ететініне кәміл сенемін. Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймын!», - деді Елбасы.

Бұл шара ҚР Конституциялық кеңесі, ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасының қорымен, Еуропа кеңесінің құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиямен, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламасының кеңсесімен, сондай-ақ елордадағы жетекші университеттермен бірлесіп өткізілді.

Айта кетейік, жиынға мемлекеттік құрылымдардың басшылары, беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері, конституциялық бақылау органдары, 20-дан астам халықаралық белгілі ғалымдар мен құқықтанушылар қатысуда.

null null 

Соңғы жаңалықтар