Елбасы Көкшетау қаласында «Достық үйін» аралап көрді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола өңіріне сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Көкшетаудағы жаңадан салынған қос бірдей

жаңа әлеуметтік ғимаратта болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады. Елбасы алдымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынған Теннис орталығында болды. Мұндағы жобаның жалпы құны 765,2 миллион теңгені құрады. Бұл қаржыны «Алтын-Тау» ЖШС бөлген. Аталған спорт ғимаратында 3 жабық корт, 3 ашық корт және қосалқы орынжайлар бар.

Әсіресе, теннис залының ішінде осы тектес орталықтың техникалық және технологиялық жұмысы үшін қажетті барлық қосалқы орынжайлар қарастырылған. Үш ашық теннис корттарында 200 орындық трибуналар орналасқан. Теннис орталығы жыл бойы жаттығу процесін және әуесқой, сондай-ақ кәсіби спортшылардың барлық жастарына арналған облыстық қана емес, сонымен қатар республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуді қамтамасыз ететін болады.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы «Достық үйінде» болды. «Достық үйі» - этноәлеуметтік жоба, оның құрылысының аяқталуын облыстың барлық этномәдени бірлестіктері тағатсыздана күткен. Өңірде барлығы 105 ұлт өкілдері тұрады және 45 этномәдени бірлестік құрылған, соның 20-сы тұрақты түрде Достық үйінде жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Достық үйінің пайдалануға берілуі өңірдің медени-демалыс қызметінің деңгейін көтереді, көңіл көтеру шараларын өткізу үшін қажетті жағдайлар жасайды, бұқаралық іс-шаралар мен концерттерге тұрғындардың келу пайызын арттырады.

Тәрбиеленушілер үшін хореография, музыка, актерлік шеберлік, ана тілі мен этномәдениет бойынша кәсіби білім ала алатын оқыту курстарын өткізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар