Елбасы кітапxанасы мен Гейдар Алиев орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Бакуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапxанасы мен Гейдар Алиев орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп xабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Құжатқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов пен Гейдар Алиев орталығының директоры Анар Алакбаров қол қойды.

Меморандумның мақсаты - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Әзербайжанның мемлекеттік, саяси қайраткері, Әзербайжан Президенті (1993-2003 ж.ж.) Гейдар Алиевтің идеялары мен бастамаларын ілгерілету, сондай-ақ, жастар саясаты саласындағы, елдердің қалыптасуы мен даму тарихын және екіжақты қатынастарды зерделеу бойынша бірлескен мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асырудағы ынтымақтастық.

«Екі орталықтың қарым-қатынасы бүгін басталып отырған жоқ. Өткен жылдың маусымында Гейдар Алиев орталығында Елбасы Кеңсесінің Басшысы, Тұңғыш Президенттің серіктесі Махмұд Қасымбековтің әзербайжан тілінде жарық көрген «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты кітабының тұсаукесері өтті. Міне, бүгін біздің болашақтағы ынтымақтастығымыздың бағыттарын нақты анықтайтын Меморандумға қол қойдық. Ең алдымен, бұл еңбегі мен өмірін Қазақстан мен Әзербайжан сынды бауырлас халықтардың дамуы мен гүлденуіне арнаған ұлттық лидерлердің жасампаздық идеяларын ілгерілету. Бұл заманауи жастар үшін үлгі, ұрпақтарымыз үшін мұра. Нұрсұлтан Назарбаев пен Гейдар Алиевтің достығы Қазақстан мен Әзербайжан қатынастарын нығайтуда ғана емес, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қалыптасуында да үлкен рөл атқарды», - деп атап өтті Әмірхан Рахымжанов.

Гейдар Алиев орталығының директоры Анар Алакбаров та өз сөзінде тығыз қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.

«Гейдар Алиев орталығы Қазақстанды Әзербайжан жұртшылығына кеңінен таныстыруға ықпал етеді. Біздің ұйымдарымыз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев пен Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Алиевтің идеяларын ілгерілету ісінде белсенділік танытулары тиіс. Бүгін қол қойылған Меморандум қызметкерлерімізге тығыз байланыс құруға септігін тигізеді. Аталған құжат аясында көптеген жобаларды жүзеге асырып, жақсы нәтижелерге жетуге болатынына сенімдімін», - деді А.Алакбаров.

Авторы: Бекбау Тайманов

Соңғы жаңалықтар