Елбасы кітапханасының Ақтөбедегі көшпелі көрмесін 120 мың адам тамашалады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрмесін екі айда 120 мың адам тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесін қала тұрғындары мен қонақтар тамашалады. Екі ай бойы облыстық музейдегі құнды құжаттар мен жәдігерлерді 120 мыңнан астам адам қарап, танысты.

«Әрбір халық, әсіресе, өскелең ұрпағымыз өз елінің тарихын, қалай құрылғанын, дамығанын, құрылу жолында қандай қиындықтар болғанын білуі тиіс. Көрмені екі ай ішінде 120 мыңнан астам адам тамашалады. Ақтөбелік жастар барынша ақпарат алды. Мен Президенттің өмір жолы олар үшін өмір бойы үлгі әрі бағдар боларына сенімдімін. Біз елімізбен, Елбасымызбен мақтануымыз керек. Оның дана саясатының арқасында Қазақстан әлемдік қоғамдастықта лайықты орнын алды», - деді өңір басшысы.

Айта кетейік, көрмеде Елбасының өзі тұтынған заттар мен түрлі елдер берген орден, медаль, сый бар.«Елбасы жолы» бөлімінде ҚР Тұңғыш Президенті өмірбаяны айтылса, «Елбасы феномені» бөлімі тәуелсіз Қазақстанды құрған Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік құрылыс тұжырымдамасының қалыптасуы мен даму тарихын кеңінен көрсетеді. «Әлем таныған Елбасы» бөлімінде ұйымдастырушылар елдің сыртқы саясатын көрсеткен. Ал «Елбасы мәртебесі - ел мәртебесі» тарауында Н.Ә.Назарбаевтың жоғары мемлекеттік наградаларының бірегей жинақтары бар. Көшпелі көрмн өз жұмысын Қызылорда облысында жалғастырады.

Соңғы жаңалықтар