Елбасы кітапханасы «Жастар - ел тірегі» шығармашылық байқауын жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында Жастар жылына арналған «Ұлы дала жастары» мәдени-көрмелік іс-шаралар топтамасының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға белгілі отандық суретшілер, мүсіншілер, музыканттар, шет мемлекеттердің Қазақстандағы елшілері мен дипломатиялық өкілдіктер қызметкерлері, елордалық университеттердің жетекшілері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

«Елбасы кітапханасы Жастар жылына арналған ауқымды іс-шаралар топтамасын бастайды. Солардың қатарында «Жастар - ел тірегі» кешенді тақырыптық көрмемізді, заманауи суретшілердің, мүсіншілердің, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің, өнертанушылардың шығармашылығын насихаттауға, қолдауға бағытталған байқауымызды жариялаймыз. Жас ұрпақтың тәрбиесі - адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ендеше, бүгінгі көрме де, алдағы өнер туындылары жайлы іс- шаралар да жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты болып отыр», - деді көрме барысында Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары Әмірхан Рахымжанов.
null

null

Елбасы кітапханасы осылайша Астана қаласындағы Суретшілер одағымен бірлесіп, жас суретшілер, мүсіншілер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері мен өнертанушылар арасында ең үздік көркем туындыларға байқау жариялап отыр. Байқауға кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, өнертану бағыттары бойынша жұмыстар қабылданады.
null null

Бұл байқауда 18-35 жас аралығындағы қатысушылар - «Ұлы дала тұлғалары», ал 35-тен жоғары жастағылар - «Қазіргі Қазақстан жастары суретшілер көзімен» тақырыптары бойынша бақ сынасатын болады. Байқау екі кезең бойынша өтеді: бірінші бөлім - маусымда, екінші бөлім - желтоқсан айында қорытындыланады. Байқау нәтижесі бойынша үздік шығармалар көрмесі ұйымдастырылып, лауреаттарды марапаттау салтанаты өткізіледі. Сондай-ақ, байқау жұмыстарының каталогы жарық көреді.
null

Байқауға жұмыстар 2019 жылдың 27 мамырына дейін қабылданады. Байқау бойынша барлық сұрақтардың жауабын +7 7172 327 621, +777 000 01 33 нөмірлері арқылы білуге болады.
null

null

Соңғы жаңалықтар