Елбасы кітапханасы: «NN» кітаптар қоры жайында не білеміз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың сәулетті нысандарының бірі ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы орналасқан ғимарат екендігі сөзсіз. Самғау көкке ұмтылған көз жанары іспеттес бірегей нысан осыдан тура 5 жыл бұрын, 2013 жылы британдық танымал сәулетші Норман Фостердің жобасы бойынша бой көтерген еді. Жалпы аумағы 28 мың шаршы метрді құрайтын ғимарат бүгінде Астананың мақтанышына айналып отыр.

Елорданың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Елбасы кітапханасына барып, ғимарат және ондағы жәдігерлер жайында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Ботагөз Қайыповадан азды-кемді ақпарат алуға тырысқан едік.

null

«Елбасы кітапханасы Қазақстандағы архитектуралық-сәулет  ошақтарының арасында  ерекше ғимарат деп айтуға болады. Себебі Елбасы бастамасымен британ сәулетшісі Норман Фостер жүзеге асырған оның архитектуралық шешімі де көзтартарлық айрықша. Өткен жылы ғана Астанада өткен «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің келушілерін таңғалдырған ғимарат деп айтуға болады. Көрме өткен үш айдың ішінде біздің ғимаратымызға алыс және жақын шет елден 70 мыңға жуық қонақ келіп, ең алдымен сыртқы  келбетіне, одан кейін ішкі келбетіне таңғалған еді.

null

Жалпы бұл нысанның бастапқы идеясы Президентке тиесілі. Ол сыртқы пішіні бойынша аспанға ұмтылған Қазақстанның болашағын  білдіретін көз жанары. Ал ішіне келсек, әр келуші, әр қонақ, әр турист  өзін кемеде жүргендей сезінеді. Себебі 9 қабатты ғимарат өзінің арнайы құрылымына байланысты алыс сапарға аттанған кемені  көз алдыңа елестетеді. Шындығына келгенде Елбасымыздың да бастапқы ойы сол болатын. Болашаққа  ұмтылған Қазақстан, болашағымыз - бұл ұзақ жол қиындыққа да, жетістіктерге де толы. Болашаққа қарай жүзудің өзі де үлкен еңбек.  Сәулеттік идеяның өзі келушілерді  дәл сол ойға жетелейді», - деді ол.

null

Директор орынбасарының айтуынша, ғимаратта екі мекеме жұмыс жасайды. Біріншісі - посткеңестік аймақта сирек кездесетін Тұңғыш Президентіміз-Елбасымыздың кітапханасы мен Елбасы қоры. Елбасы қоры өз қызметін  жастарды, жас ғалымдарды гранттық жобалар арқылы жан-жақты қолдау қызметімен айналысса, Тұңғыш Президент-Елбасы кітапханасы Мемлекет басшысының қазіргі уақыттағы қызметтін ақпараттық-идеологиялық, мәдени-ағартушылық жағынан насихаттайтын мекеме саналады.

null

Жалпы мұндай мекеме посткеңестік кеңістікте Ресей мен Әзербайжанда ғана бар. Атап айтар болса, Ресейде Борис Ельцин орталығы, ал Әзербайжанның Баку және Нахичеван қалаларында 1993-2003 жылдары ел Президенті болған Гейдар Әлиевтің мәдени орталығы, қоры және музейі жұмыс жасайды.

Негізінен ғимараттың 1, 2, 3-інші және 8-9-ыншы қабаттарын айрықша атап өтуге болады. Ал қалған қабаттарда жұмыс кеңселері орналасқан. Мәселен, 8-9-ыншы қабатта Елбасының жеке жұмыс кеңсесі орналасқан. Нұрсұлтан Әбішұлы кез келген уақытта осы жердегі жұмыс кеңсесіне келіп, ел Президенті ретінде толыққанды жұмысын атқара алады.

null

«Ал жалпы ғимараттың негізгі орталығын атриум құрайды. Оның диаметрі 26 метр, көлемі 500-ден астам шаршы метрді құрайды. Осы атриумда Елбасының, белгілі қоғам және саяси қайраткерлердің қатысуымен үлкен халықаралық деңгейдегі конференциялар, көрмелер, әртүрлі шаралар өтіп тұрады. Сонымен қатар Елбасының 30-дан астам тілге аударылған еңбектері арнайы экспозициялық  тұрғыда орналастырылған. Осы жерде америкалық белгілі сәулетші, қазіргі уақытта әлемде арт-дизайн идеяларымен танымал болған Дотунаның ерекше туындысы орналасқан. Ол - Қазақстанның көк байрағы. Төбеден көк байраққа күн сәулесі түскен кезде жақындап келіп қарасаңыз, одан Президентіміздің, тарихи тұлғаларымыздың және тәуелсіздігіміз бен мемлекеттілігіміздің қалыптасуына еңбек сіңірген адамдардың, даңқты спортшыларымыздың әртүрлі бейнелерін көруге болады. 140 мыңға жуық тарихи мұрағаттар  мен деректерді құрайтын Елбасының жеке мұрағаты да осы қабатта орналасқан», - деді Ботагөз Қайыпова.

null

Ғимараттың  екінші, үшінші қабатында арнайы экспозициялар орналастырылған. Ең бастысы - Президенттік экспозициялар. Яғни, Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны мен бастамалары туралы, жоғары мемлекеттік наградалары туралы және  әртүрлі мемлекет басшыларынан, қоғам қайраткерлерлерінен тарту ертілген экпозициялар бар. Айрықша атап өтерлігі, осы қабатта 5 интерактивті  үстел бар. Әрқайсысы өзінің тақырыбына сәйкес Елбасының музейінде, мұрағатында, жеке кітапханасында жинақталған деректерді, жәдігерлерді таныстырады. Ал үшінші қабатта Елбасының жеке кітапханасының қоры да орналастырылған.

nullnullnull

«Бүгінде бұл ғимаратқа апта сайын еліміздің түкпір-түкпірінен тұрақты түрде оқушылар мен студенттер  семинарға келеді. Мәселен, былтыр Президентіміз бастамашылық жасаған «Мәңгілік ел» бастамасы жан-жақты таныстырылса, биығы жылғы семинарлар «Рухани жаңғыру» төңірегінде болмақ», - деді Ботагөз Муттахиденқызы. 

«NN» бірегей кітаптар қоры

Жоғарыда айтқанымыздай, ғимараттың үшінші қабатында бастауын сонау ХХ ғасырдың 60-жылдарынан алатын Елбасының жеке кітапханасы орналасқан. Нұрсұлтан Әбішұлы студент кезінен үйінде жинай бастаған кітаптарының саны бүгінде 30 мыңға жуықтап отыр.

nullnull

Елбасы кітапханасының жетекші сарапшысы Айдынкүл Көшкенованың айтуынша, негізгі қор «Жеке коллекция», «Тәуелсіз Қазақстан» және «Әлемдік көркем әдебиет» деп аталатын үш галереяға топтастырылған. Мұнан бөлек Елбасының үй кітапханасы бар. 

null

«Жеке коллекция» галереясы Мемлекет басшысына көрнекті қоғам және саяси қайраткерлер, дүниежүзі мемлекеттерінің президенттері, өнер, мәдениет қайраткерлері сыйлаған кітаптардан тұрады. Олардың қатарында Ли Куан Юдың, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчердің, үлкен Джордж Буштың, Билл Клинтонның, ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің, Малайзияның Премьер-Министрі Махатхир Мохамадтың, Ресейдің бұрынғы президенті Борис Ельциннің  кітаптары бар. Олардың кейбіріне автор арнайы қолтаңба да қалдырған», - деді ол.

nullnullnullnull

Шынымен де Борис Ельцин өзінің «Записки президента» кітабына «Нұрсұлтан Әбішұлына автордан естелік!» деп, ал Махатхир Мохамад «Доктор в своей стране. Мемуары доктора Махатхира Мохамада» кітабына «Жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевқа! Еліңіз жетістіктерге жете берсін деген тілегімді қабыл алыңыз. Ыстық ықыласпен» деген қолтаңба қалдырған. Мұнан бөлек, Қазақстан Президентіне АҚШ, Литва, Түркия, Эстония, Болгария, Үндістан, Индонезия және басқа да елдердің басшылары сыйға тартқан басылымдар бар.

null 

null

«Ал «Тәуелсіз Қазақстан» галереясы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасуы мен даму тарихына арналған. Мұнда Мемлекет басшысының 1992 жылы жарық көрген «Қазақстанның стратегиялық мемлекет ретінде қалыптасу стратегиясы» деп аталатын маңызды еңбегінен бастап барлық шығармалары жинақталған. Яғни, Қазақстанның дамуындағы маңызды кезеңдер Елбасы еңбектерінен көрініс тапқан. Сонымен қатар бұл галереяда Президенттің 1991 жылдан бергі қызметінің хроникасы да орналастырылған», - деді кітапхананың жетекші сарапшысы.

null

Айта кетерлігі, бұл галереядан Нұрсұлтан Назарбаев туралы қазақстандық және шетелдік авторлар  жазған кітаптарды көруге болады.

«Үшінші галерея - «Әлемік көркем әдебиет». Мұнда қазақтың ұлы ойшылдары Абай мен Шәкәрімнің еңбектері мен әлемдік көркем әдебиет классиктерінің үздік шығармалары жинақталған. Халықтың мәдени мұрасын сақтау - Мемлекет басшысының аса маңызды бастамасы. Сондықтан галерея «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шыққан «Бабалар сөзі», «Орыс, түрік, парсы, моңғол және қытай дереккөздеріндегі Қазақстан тарихы» кітаптарымен жалғасын тапқан», - деді ол.

Ал Мемлекет басшысының үй кітапханасындағы бағалы кітаптардың бүтіндігін арнайы жабдық қамтамасыз етеді. Елбасының аты-жөнінің  «NN» бас әріптері жазылған алтын және күміс түстес вензельды экслибриспен белгіленген шкафтарда қажетті температура мен ылғалдылық тұрақты түрде сақталады. Сондықтан да бұл бөлмеге  кез келген адамның кіруіне рұқсат жоқ.

null

«Үй кітапханасы сирек басылымдар қорынан дүние жүзінің саяси және қоғам қайраткерлерінің естелік жазбалары қалдырылған сыйлық экспонаттардан, резиденциядан алынған кітаптардан тұрады», - деді ол.

Үй кітапханасында Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартылған 100-ге жуық Құран мен тәпсірлер (Құранның түсіндірмесі) бар. Коллекцияның сәні 1667 жылы басылған Құран аяттары мен сүрелері негізінде дайындалған «Шариғат нормалары» тәпсірі саналады.

null

«Коллекцияда ғарышкер Талғат Мұсабаевтың Президентке тартқан сыйлығы - ғарышқа барып келген Құран да бар. Құран кітаптарының тарту-таралғылық басылымының әр данасы бірегей - полиграфиялық орындалу сапасы өте жоғары, олардың кейбіреулерінің библиофильдік құндылығы ерекше», - деді Айдынкүл Көшкенова.

Соңғы жаңалықтар