Елбасы Қазақстанның үшінші жаңғыруының 5 негізгі басымдығын айқындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ел халқына арнаған Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруының 5 негізгі басымдықтарын айқындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталғанын атап өткен Елбасы, экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келетінін айтты.

«Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер - әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік. Бүгін мен Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет», - деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі кезде көптеген елдер осындай міндетті орындауға ұмтылуда.

«Өсімнің жаңа моделіне көшу тәсілі әр жерде әр түрлі екеніне сенімдімін. Біз өзіміздің мықты тұстарымызды пайдаланып, Тәуелсіздігіміздің 25 жылында бірге қалыптастырған әлеуетімізді жоғалтып алмауымыз керек қой.

Бұл жаңғыру - қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» базасында өткізіледі.

Мен оның бес негізгі басымдығын көріп отырмын. Олар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған», - деп мәлімдеді Елбасы.  

Соңғы жаңалықтар