Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 374.47 EUR 421.43
RUB 5.54 CNY 53.77
Jańalyqtar

Елбасы Қазақстанның мемлекеттік қарызы көп дейтіндерге жауап берді

2018 жылғы 10 маусым 18:25 1918
Бөлісіңіз:
Елбасы Қазақстанның мемлекеттік қарызы көп дейтіндерге жауап берді

ЦИНДАО. ҚазАқпарат - Қазақстанның мемлекеттік қарызы әлем бойынша ең төмен. Бұл туралы бүгін Қытайға мемлекеттік сапарын қорытындылап, қазақстандық БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығы форумын қорытындылады ҚР Президенті: Қазақстан мен Ресейдің географиялық жақындығын тиімді пайдалану керек

«Бүкіл әлем бойынша біздің мемлекеттік қарызымыз ең төмен. Америкалықтардың қарызы 14 трлн долларға тең. Бұл ішкі жалпы өнімнен де жоғары. Германия қарызы жалпы ішкі өнімнің 90, Италияда - 120, Испанияда 100 пайызды құрайды. Ал біздің қарызымыз не бәрі 13 млрд доллар ғана. Яғни, жалпы ішкі өнімнің 10 пайызынан да төмен», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы еліміздің мемлекеттік қарызы ұлғайып кетпеуін үнемі жіті қадағалап отыратындығын айтты.

«Ал бұлар (қытайлық компаниялармен бірлескен жобалар) менің уағдаластығымның, жақсы қарым-қатынасымның арқасында орын алып жатыр. Бизнесмендерге жақсы жол ашып беріп отырмын. Оларға сенеді, өйткені мемлекетке сенім артады. Бұл жобалардың барлығы да коммерциялық, бизнес топтардың арасында жүзеге асырылады», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жеңіл рельсті трамвай жобасына ғана алынатын қарыз мемлекеттікі екендігін ашық айтты.

«Бұл жер үстіндегі метро десек те болады. Мұны салу мемлекеттің міндеттемесі. Өйткені, инфрақұрылымын салып, теникасын ешкім сатып ала алмайды. Инфрақұрылымды мемлекет салуы тиіс», - деді ҚР Президенті.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT