Елбасы Қазақстанның қандай қиындықтарды бастан кешіргенін айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшбасшылық феноменін зерттеуге арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференциясы өтіп жатыр. Жиында сөз сөйлеген ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1990 жылдары мен және Қазақстан қандай сынақтармен бетпе-бет келді? Біріншіден, экономиканың тоқырауы. Экономикалық байланыстардың үзілуі, гиперинфляция, бюджеттік тапшылық болды. Халықтың табысы төмендеді, жаппай жұмыссыздық орын алды. Қазақстандағы 130 кәсіпорын өз жұмысын тоқтатты», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оның айтуынша, 90-жылдары ЖІӨ 60 пайызға төмендеп, өнеркәсіп 28 пайызға қысқарды.

«Бізге қысқа уақыт ішінде іс-әрекет жоспарын құруға тура келді. Нарықтық экономиканы құра бастадық. Қазақстан тез әрі тиімді реформа жүргізді деген пайымды жиі естідік. Біз өте үлкен жұмыс атқардық», - деді Н.Назарбаев.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшбасшылық феноменін зерттеуге арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференциясында сөз сөйлеген ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің КСРО Үкіметін басқару туралы ұсыныстан қалай бас тартқанын айтты.

Соңғы жаңалықтар