Елбасы Қазақстанның бейбітшілік тәжірибесін бүтін әлемге пайдалануды ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлем қауымдастығын Қазақстанның бейбітшілік тәжірибесін бүкіл әлемге пайдалануға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан бейбітсүйгіштік индексі бойынша әлемнің 163 мемлекетінің ішінде 64-орын иеленді. ТМД елдерінің арасында бірінші орында тұр. Сондай-ақ, ядролық қарудан азат ел болуға деген ұмтылыс қазақстандықтардың жалпыұлттық сана-сезімінде маңызды компонентке айналды. Құрметті, достар, 1991 жылы мен таңдаған тарихи шешім жас мемлекеттің күш-қуаты ядролық тегеурінге байланбайтынын көрсетті. Біз өзіміздің нақты мысалымызбен ілгерілеу мен гүлденуге бейбіт жолмен де жылжуға болатынын дәлелдеді», - деді ол бүгін елордада өткен «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» табыстау рәсімінде.

Н.Назарбаев атап өткендей, қазіргі таңда Қазақстан халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың мойындалған доноры болып саналады.

«Бұл жайт, маған жаһан қауымдастығын біздің үлгімізді жалғап, қазақстандық тәжірибені бүкіл әлемде пайдалануға шақыруға моральдық құқық береді деп ойлаймын», - деді Елбасы.


Соңғы жаңалықтар