Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 367.30 EUR 419.68
RUB 5.58 CNY 52.91
Jańalyqtar

Елбасы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

2018 жылғы 21 тамыз 07:09 978
Бөлісіңіз:
Елбасы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.    

«Баршаңызды қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт - исламды жақсылықтың, жасампаздық пен үйлесімдіктің діні екенін паш етіп, күллі мұсылман қауымын бейбітшілік пен татулыққа, өзара түсіністікке шақыратын қасиетті мейрам.

Сондай-ақ, ол - діни мереке ғана емес, барша адамзатты бір-біріне көмек қолын созуға үндеп, бауырмалдыққа баулитын үлкен рухани құндылық.

Бұл күндері адамдар жақындарына ақ тілектерін арнап, игі істер жасауға ұмтылады.

Құрбан айт алуан түрлі конфессиялар мен этнос өкілдері тұратын Қазақстанда азаматтардың бойына ізгілік нәрін сеуіп, олардың ұстанатын діні мен ұлтына қарамастан, бір-бірін қадірлей білуге зор ықпал етеді. Сондай-ақ, рухани тұтастығымызды нығайтып, бірлігімізді бекіте түседі.

Осынау жарқын мерекеде әрбір шаңыраққа бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тілеймін!

Қасиетті мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз сауаптан жазылсын!

Айт қабыл болсын!»,-делінген Елбасының құттықтауында.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT