Елбасы қазақстандықтарды еліміздің сайлау жүйесінің 25 жылдығымен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды еліміздің сайлау жүйесінің 25 жылдығымен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауын еліміздің Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Орталық сайлау комиссиясының 25 жылдығына арналған халықаралық конференция барысында оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміз Тәуелсіздік алған сәттен бастап  мемлекеттік және саяси құрылымды жетілдіре отырып, кезең-кезеңдік реформалар жолымен жүріп келеді. Қазақстан бұл саладағы кең ауқымды жаһандық ынтымақтастықтың белсенді жақтасы бола отырып, сайлау құқығы мен сайлауларды ұйымдастырудағы жоғары халықаралық стандарттарды нық ұстанатындығын паш етеді», - деді Елбасы құттықтауында.null   

Сонымен қатар Қазақстан Президенті сенімді әрі тиімді жұмыс істейтін сайлау институты елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің және тұрақты дамуының басты факторы саналатындығын баса атап өтеді.

«Барлығын осынау атаулы мерейтойымен - Қазақстан Республикасы сайлау жүйесінің 25 жылдығымен құттықтаймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.null

Айта кетейік, екі күнге созылатын шараға Әзербайжан, Ресей, Латвия, Литва, Тәжікстан, Грузия, Қырғызстан сынды елдердің Орталық сайлау комиссияларының төрағалары қатысуда.  Конференция аясында ҚР Орталық саулау комиссиясы мен Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясы және Иорданияның Тәуелсіз сайлау комиссиясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылмақ. 

Соңғы жаңалықтар