Елбасы қазақстандық мөлшерді кеңейту бойынша жасалған жұмыстарды оң бағалады

None
None
АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстандық мөлшер бойынша  Үкіметтің атқарған жұмысын оң бағалаймын. Осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл жайында бүгін  Ақордада Үкіметтің қатысуымен өткен кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Біздің кәсіпорындарға жасалған тапсырыстардың ақысы уақтылы төленуі керектігін жеткізген Елбасы, «осы орайда, ең бастысы,  біздің өңдеуші өнеркәсіптің кәсіпорындарын сапа жағына бағыттау керек. Қазақстандық компаниялардың еліміздің кәсіпорындарына бет бұрыс жасауы - бұл дұрыс, алайда тиісті сапа болмаса, егер олар тұтынушылардың талаптарына тиісінше жауап бермесе, кейіннен бұл жұмыс тоқтап қалуы мүмкін. Атап айтқанда, тапсырыс алған кәсіпорындар бұл мәселені  айқын сезінулері тиіс»,  деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар