Елбасы: Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған жұмыстар тұрақты жүргізіледі

None
None
ХЕЛЬСИНКИ. ҚазАқпарат - Фин компанияларын Қазақстанда бизнесін дамытуға шақырамыз. Бұл туралы бүгін Финлядияның бизнес капитандарымен кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Хельсинкиден.

Бизнесмендермен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев елімізді инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған жұмыстардың тұрақты жүргізіліп, кәсіпкерлік саласындағы заңнамалар ырықтандырылғанын атап өтті.

«Дүниежүзілік банктің  Doing Business рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 36 орында тұр. Қазақстан ЭЫДҰ Инвестициялар жөніндегі комитетінің қауымдастырылған мүшесі саналады және Халықаралық инвестициялар туралы декларацияға қосылды. Инвесторлармен және бизнеспен өзара тиімді іс-қимылды жолға қою мақсатында «Қазақ инвест» және «Қазақ экспорт» компаниялары құрылды. Президент жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі жұмыс істейді», - деді Елбасы.
null 

Мемлекет басшысы металлургия, мұнай өңдеу, машина жасау, химия, азық-түлік өнімдерін өндіру сынды басымдыққа ие салаларда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында корпоративтік, жер және мүлік салығы алынбайтындығын айтты.  Сонымен қатар мұндай жобаларға шетелдік жұмыс күшін тарту квотасыз және рұқсатсыз жүзеге асырылатындығын атап өтті.

«Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияларды алу және келісімшарттар жасасу тәртібі жеңілдетіледі. 11 арнайы экономикалық аймақ пен 22 индустриялық аймақ жұмыс істейді. АЭА қатысушылары салықтың жеңілдіктер мен басқа да артықшылықтар беріледі. Фин компанияларын Қазақстанда бизнес дамытуға шақырамыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 
null 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндияға келді.

Сапар аясында Елбасы фин бизнес капитандарымен кездесті.  

Ал ертең  Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі жоспарланып отыр.

фото: akorda.kz

Соңғы жаңалықтар