Елбасы: Қазақстан ядролық қауіпсіздік мәселесі бойынша жетекші державалар диалогы тоқтап қалатынына ерекше алаңдаушылық білдіреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жаһандық ядролық қауіпсіздік мәселесі бойынша жетекші державалар диалогының тоқтап қалу мүмкіндігіне қатысты ерекше алаңдаушылық білдіреді.

Бүгін Астанада өтіп жатқан VII Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы II дүниежүзілік конференцияның жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Бұндай диалогтың үзілуі бұған дейінгі соңғы онжылдықтарда ядролық қатерлерді қысқарту жөніндегі қол жеткізілген жетістіктердің барлығын жоққа шығарып тастауы мүмкін», - деп атап өтті Н. Назарбаев.

«Екіншіден, бізді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Украинадағы белең алып отырған қақтығысты шешудегі қауқарсыздық белгілері де алаңдатады. Бұндағы себептердің бірі - 2010 жылы өткен тарихи Астана саммитінен кейін де аталмыш Ұйымды реформалауға қатысты саяси ерік- жігердің болмауы», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар