Елбасы: Қазақстан мен Тәжікстан арасында 80 шарт пен келісім бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен пен  Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда келіссөз өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тәжікстан Қазақстанның маңызды одақтасы әрі серіктесі. Осы жылдары біздің мемлекеттеріміздің арасында менің және Эмомали Шәріпұлының тату қарым-қатынасымыздың арқасында сенімге негізделген саяси байланыс орнады. Біз өңірлік, жаһандық органдарда бірлесе іс-қимыл жасаймыз, ұстанымымыз да бірдей», - деп атап өтті Елбасы.

Қазақстан Президенті екі елдің арасында 80 шарт пен келісім бар екендігін айтты.

«Ең бастысы, елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шарт. Бүгінде қарым-қатынасымызды одан ары тереңдетуге бағытталған бірқатар келісімге қол қойылады», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан мен Тәжікстан арасында миграция, реадмиссия салаларындағы ынтымақтастықты көздейтін үш келісім жасалады. Сонымен қатар келіссөздер қорытындысы бойынша Мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесі қабылданады.

Өз кезегінде Тәжікстан Президенті Қазақстан тарабына ресми сапармен келуге шақырғаны және қонақжайлық танытып, жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдірді.

«Қазақстанмен қарым-қатынас Тәжікстанның сыртқы саясатында жетекші орынға ие, Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізбен  26 жылдан  астам уақыттан бері таныспыз және бірге жұмыс істеп келеміз. Тәжікстан халқы да, мен де қиын-қыстау кезеңдерді еш ұмытпаймыз. Сіз барлық уақытта да бізге қолдау көрсетіп, Тәжікстанның бейбіт процесіне көмек көрсетіп, экономикалық қолдау білдірдіңіз. 26 жылдың ішінде екіжақты қарым-қатынасымызды орнатып, оны стратегиялық серіктестік деңгейіне көтердік. Тәжікстанда Сізді халықаралық деңгейдегі дана әрі көреген саясаткер ретінде жақсы біледі және жақсы көріп, құрметтейді. Сіздің бірнеше кітабіңіз тәжік тіліне аударылды», - деп атап өтті Эмомали Рахмон.

 

Соңғы жаңалықтар