Елбасы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
2018 жылғы 4 қазан, 13:31

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биылғы 5 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда резиденциясында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды.
«Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP