+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Елбасы «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаевтың отбасына көңіл айтты

2020 жылғы 9 қаңтар 19:16
Бөлісіңіз:
Елбасы «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаевтың отбасына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Досаев Елбасына Ұлттық қор туралы ақпарат берді Елбасы Асқар Маминді қабылдады Қарапайым адамдармен дұрыс диалог жүргізу қажет - Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанның Тұңғыш Президенті көрнекті ғалым, академик Өмірзақ Айтбаевтың өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

«Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті қызметін атқарған ол мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытындағы талай игі істердің ұйытқысы болды. Азаматтық айқын ұстанымымен, қажырлы еңбегімен тіл және терминология, мәдениет пен руханият салаларының өсіп-өркендеуіне атсалысты. Ел-жұрттың құрметіне бөленіп, соңына көптеген ғылыми еңбектері мен лайықты шәкірттерін қалдырды.

Өмірзақ Айтбайұлының ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенемін», - делінген жеделхатта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT