USD 431.67 EUR 487.79
RUB 5.77 CNY 67.73
Jańalyqtar

Елбасы қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды

2017 жылғы 27 қазан 07:52
Бөлісіңіз:
Елбасы қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

«ҚазАқпарат» агенттігі Жарлықтың толық нұсқасын ұсынады.

Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы

Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын;

қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін;

осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 26 қазан

№ 569

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT