Елбасы Қарасай ауданының дене шынықтыру және сауықтыру кешеніне барды

None
None
НҰРСҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Қарасай ауданының дене шынықтыру және сауықтыру кешеніне барды, деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев Қарасай ауданы, Шамалған кентіндегі дене шынықтыру және сауықтыру кешені құрылысының жүргізілу барысымен танысты. Нысанды салу жұмыстары аяқталуға жақын.null

Мұнда бокс және тренажер залдары, күрес үйірмесі, жүзу бассейні, теннис корты және басқа да спорттық инфрақұрылымдар жұмыс істейтін болады.

Аудандағы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешеннің құрылысы Елбасының тікелей қолдауымен және оның жеке қаражатына салынуда.

null

Соңғы жаңалықтар