Елбасы қарағандылықтарды Бұқар жыраудың 350 жылдығымен құттықтады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Бұқар жырау ауданында ұлы ойшыл Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар легі басталды. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының тұрғындарын мерейтоймен шын жүректен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың салтанатты іс-шараға қатысушыларға арналған құттықтау хатын ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова оқып берді.
null

Онда Бұқар жырау қиын-қыстау жылдарда өткір жырларымен елді ұйытып, ата мекенімізді жаудан қорғауға шақырған көрнекті тұлға делінген. Елбасы ұлы бабамыз армандаған біртұтас ұлт және қуатты мемлекет құрғанымызды тілге тиек етіп, Бұқар жырау мұрасы әрдайым өзекті болып қала беретінін жеткізді.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев ұлы жыраудың шығармашылығы замандастарымыз бен келер ұрпақ үшін өте құнды екенін айтты. Елбасы өңір тұрғындарын Бұқар жыраудың 350 жылдық мерейтойымен құттықтап, жыраудың арманында кеткен тәуелсіз мемлекеттің гүлденуін тіледі.

Бұқар жырау - Тəуке ханның тұсындағы ықпалды билердің бірі. Ұлы ойшыл Абылай ханның бас кеңесшісі болып, Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған.

Бұқар жырау Қалқаманұлының мерейтойы Қарағанды облысында жыл бойы аталып өтеді. Өңірде көрмелер, концерттер, жыршы-жырау фестивалі, ұлы ойшылдың шығармашылығы мен өміріне арналған ғылыми конференциялар өтіп үлгерді.

Негізгі мерейтойлық іс-шаралар бүгін, 18 қыркүйекте,  Бұқар жырау ауданында өтуде. Мереке қарсаңында Ботақара ауылына жақын маңда киіз үй қалашығы тұрғызылып, көпшілікке арналған серуендер ұйымдастырылды. Мерейтой қонақтары танымал қазақстандық және шетелдік жұлдыздардың, Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестік өнерпаздарының қатысуымен өтетін мерекелік бағдарламаны тамашалайтын болады.

Сондай-ақ, бүгін ұлттық спорт түрлерінен көптеген жарыстар өткізілуде. 

null

Соңғы жаңалықтар