+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Елбасы ИЫҰ-ның саммитіне қатысқаны үшін Хасан Руханиге алғыс айтты

2017 жылғы 10 қыркүйек 17:47
Бөлісіңіз:
Елбасы ИЫҰ-ның саммитіне қатысқаны үшін Хасан Руханиге алғыс айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті аясында Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы кездесуде Х.Руханиді өткен сайлауда жеңіске жетіп, Иран Ислам Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

«Бұл бізге бұған дейін басталған диалогымызды жалғастыруға зор мүмкіндік береді. Біздің арамызда сенім мен түсіністік бар. Бұл екіжақты қарым-қатынасты қарқынды дамыту үшін аса маңызды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Иран Ислам Республикасының Президенті саммитке қатысуға шақырғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.

«Көптеген халықтың ойында Астана бейбітшілік қаласы ретінде сақталған. Ол алдағы уақытта да сол кейіпте қала береді. Астанадағы саммит Таяу Шығыстағы тұрақсыз өңірге бейбітшілікті орнықтыруға үлес қосады деп үміттенемін. Саммит өткеннен кейін Қазақстанның елордасын ғылым мен технологияның қаласы деп те атауға болады», - деді Х.Рухани.

Соңында Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысқаны үшін Х.Руханиге ризашылық білдірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT