Елбасы Ибрагим Жаңғоразовтың жақындарына көңіл айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Социалистік Еңбек Ері, қоғам қайраткері Ибрагим Жаңғоразовтың туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды elbasy.kz.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Социалистік Еңбек Ері, қоғам қайраткері Ибрагим Жаңғоразовтың дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

«Ибрагим Дәуітұлы ерекше еңбекқорлығы мен қабілет-қарымының арқасында қарапайым зоотехниктен ірі өндіріс компаниясының басшысы, сайлаушылар сенімін арқалаған депутат лауазымына дейінгі өнегелі жолдардан өткен абзал азамат еді. Ол еліміздің өсіп-өркендеуіне, егін және мал шаруашылығының дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақ-бірліктің нығаюына көп еңбек сіңірді. Жемісті қызметі жоғары марапаттармен атап өтілді.

Оның ғибратты ғұмыры ұрпақтарына әрдайым үлгі болып қала береді деп ойлаймын», - делінген жеделхатта.


Соңғы жаңалықтар