Елбасы: Халқымыздың қамы - менің мүддем болып қала береді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде өзінің жаңа міндетін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халқымыздың қамы - менің мүддем болып қала береді. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретіндегі алдағы менің міндетім - басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету. Олар елімізде жаңғырту процестерін жалғастыратын болады», - деді Тұңғыш Президент.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев өзіне қолдау білдіріп келген халыққа алғыс айтты.

«Осы жылдарда өткен барлық сайлауларда Сіздер маған сенім артып, бастамаларыма қолдау білдірдіңіздер. Маған ұлы халқыма, туған жеріме қызмет ету бақыты бұйырды. Баршаңызға - халқыма зор ризашылығымды білдіріп, басымды иемін. Осындай қолдаудың арқасында Сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін мен бар күш-жігерімді, денсаулығымды, уақытымды аямай адал қызмет еттім», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар