Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 366.43 EUR 420.11
RUB 5.58 CNY 52.87
Жаңалықтар

Елбасы Франсуа Олландқа: Қазақстан мен Франция арасындағы ықпалдастық нығайып келеді

2018 жылғы 17 мамыр 16:19 1193
Бөлісіңіз:
Елбасы Франсуа Олландқа: Қазақстан мен Франция арасындағы ықпалдастық нығайып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Францияның бұрынғы Президенті, Франция Конституциялық Кеңесінің мүшесі Франсуа Олландпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумына қатысуға келгені үшін Франсуа Олландқа ризашылық білдірді.

«Сіз Президент кезіңізде біздің елде ресми сапармен болған едіңіз. Соның нәтижесінде ынтымақтастығымызды дамыту үшін жақсы жағдай жасадық», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан мен Франция арасындағы байланыстар, соның ішінде «жасыл» технологиялар саласындағы ықпалдастық нығайып келе жатқанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев баламалы энергетиканы дамыту үшін Қазақстан тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар, соның ішінде «ЭКСПО-2017» кешенінің базасында құрылатын «Жасыл» экономика орталығы жөнінде әңгімеледі.

Франсуа Олланд кездесуге мүмкіндік бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, Қазақстан Президентінің мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Елбасы Франсуа Олландқа: Қазақстан мен Франция арасындағы ықпалдастық нығайып келеді 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
Мұрағат