Елбасы фин бизнес капитандарымен не үшін кездесті

None
None
ХЕЛЬСИНКИ. ҚазАқпарат - Финляндия Қазақстанның Солтүстік Еуропадағы маңызды сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Бұл туралы бүгін Финлядияның бизнес капитандарымен кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Хельсинкиден.

«Финляндия Республикасы Қазақстанның Солтүстік Еуропадағы маңызды сауда-экономикалық серіктестерінің бірі саналады. Елдеріміз арасындағы қарым-қатынас достық пен өзара сенімге негізделген. Тәуелсіздік жылдары ішінде Финляндия Қазақстанға 300 млн доллардан астам инвестиция салды. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2017 жылы 300 млн долларды құрады», - деп атап өтті кездесу барысында Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысының дерегінше, Қазақстанда фин капиталы салынған 100-ге жуық компания жұмыс істейді. Олар негізінен энергетика, көлік, телекоммуникация, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы сынды салаларды қамтиды.

«Бүгінгі кездесудің мақсаты - экономикалық байланыстарды жандандырып, жаңа іскерлік серіктестерді іздеу. Қазақстан кеден шекарасы жоқ, 180 миллионнан астам адам тұратын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше. Біз алдымызға әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру өршіл міндетін қойып отырмыз. Қазақстан бүгінде  - жаңа мүмкіншіліктер және тиімді бизнес жүргізу үшін үлкен әлеует», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

null 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндияға келді.

Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі жоспарланып отыр.

фото: akorda.kz

 

Соңғы жаңалықтар